Аусыл

                                        Аусылға қарсы вакцина

1. Шығарылған зауыттың атауы ФГБУ "ВНИИЗЖ" Ресей Владимир қаласы   

     Юрьевец  мкр.

2. Вакцинаның атауы ВНК-21 Жасушасында өсірілген вирустан алынған сорбацияланған моно және поливалентті А,О, С Азия-1, САТ-1, САТ-2,

    САТ-3 типті аусылға қарсы вакцна.

3. Дайындалған күні Шілде 2016 жыл, Жарамдылығы  қаңтар 2018 жыл. Серия № 71

4. Егу әдісі : Тері астына МІҚ арналған 3 мл, 

5. Дайындалған күні қараша 2016 жыл, Жарамдылығы  мамыр 2018 жыл. Серия № 81

6. Егу әдісі : Тері астына ұсақ малға  арналған 1 мл,  Тері астына МІҚ арналған 3 мл

 Буферлік аймақтағы шаруашылықтардың малдары (МІҚ, ұсақ мал) ересек бастары аусылға әр 6 ай сайын егіледі. МІҚ төлі 4 айлық кезеңнен бастап 18 айға дейін 3 ай сайын егіледі. ұсақ малдардың төлдері 3 айлық кезеңнен бастап 18 айлық кезеңге дейін 3 ай сайын егіледі.


Аусылдың клиникалық белгілері:

     Аусыл жұқпалы , жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты (МІҚ, қой-ешкі шошқа) жауарларының аса қауіпті ауруы. Қоздырғыш вирусы: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1 типтері бар. бұл ауру адамдарға да жұғады. Ауырған малдың дене қызуымен ауыз қуыстарының кілегейлі қабықтарында, жұлықтық терісінде және тұяқтарының арасында, жылтыр танауында, желінде, автолар мен эрозиялар пайда болады, сілейкейі ағады.

 Ауырған жануарлардың клиникалық белгілері білінбей, жазылып кетуіде мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жіті түрде өтуі мүмкін, онда афта пайда болмайды және өліммен аяқталады.

  Жануарлардың аусыл ауруы шығуы жағдайда округ, аудандық, тиісті әкімшілік аудандық бірліктің ветеринария мамандарына, мемлекеттің бас ветеринариялық инспекторына хабарлайды.

   Аусыл ауруына күдікті жануарларды оқшаулап, басқа жануарлармен араластырмайды.

   Аусыл күдікті жануарларды ауру анықталған орында қалдырып, басқа қораларға немесе басқа жайылымға шығуына жол бермеу.

   Жануарларды айдау, тасумен қатар, жануарлардан алынатын шикізаттарды дайындайтын, өндіретін және өңдейтін кәсіпорындар жұмыстарын тоқтату.

  Аусылдың эпизоотиялық қатерлі ошағы аумағынан жануарлардың және кез келген заттар мен жануарлардан алынатын шикізат өнімдерімен жем-шөптері, жеп-шөп қоспаларын аудандық бас инспекторларының рұқсатынсыз шығаруына жол бермеу





Вакцинаны  тасымалдау   тәртібі


     Вакцинаны  аудандағы   уақытша  ветеринариялық  препараттарды   сақтау  орнынан  әр   ауылдық  округтерге  препараттарды   бөлу  (накладной)  арқылы   босатылады.

     Бөлінген  вакциналар салқындатқыш (холодок)  элементі   салынған  термочемоданмен  тасымалданады. Сонымен  қатар   автокөлікте  акуммулятор қуатына  қосылған   термочемодан  болуы  тиіс. Термочемодандағы  вакцина   температурасы  қалыпты  жағдайда +2,+80С  аралығында   болуы  керек  салқындатқыш (холодок) элементі  салынған   термочемодан  қалыпты  температураны   +2,+80С-да  үш  сағат   мерзімде  сақтап  тұрады.

     Ветеринариялық  пункттерге  жеткізілген   вакциналар  тоңазытқышта (холодильник)   +2,+80С  аралығында   сақталуы  тиіс. Ауылдық  округ   малдарын  вакцинациялау  кезінде вакцинаны  тасымалдау   тек  термочемоданда  +2,+80С   температура   болуын  қадағалау  керек.





Вакцинаны  қолдану ережесі


    1.Әр  малдәрігері   маманы қолданатын  биопрепараттар (вакцина) қолдану нұсқаулығын жатқа  білуі  міндетті.

    Мысалы: Биопрепараттардың  атауы , шығарылған  заводтың  атын, дайындалған күні , сериясы , бақылау  нөмірі, жарамдылық мерзімі , егу  әдісін   және  орынын , дозасын  білуі   тиіс.

    2. Вакцинация  жүргізу   алдында  міндетті  түрде   малдарды  тексеру  қажет. Шаруашылықта  жіті   инфекциялық  ауру  болмаған   жағдайда  малдарға  вакцина   егу  жүзеге  асырылады.

    Сонымен  қатар   температурасы  жоғары , әлсіз  арық   және  төлдердің  соңғы   айларында  вакцина  егу   рұқсат  етілмейді.

    3. Вакцинациялау  алдында  вакцина   егу  орынын  70% -ті   спиртпен  залалсыздандыруы  тиіс.







   Ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендіріліп (сырғаланып, чипталып, таңбаланып) ИСЖ дереқ қоры базасына енгізілуі тиіс. Елді мекендегі мал басы аулалар бойынша ИСЖ базасымен сәйкес келуі тиіс.

      Қандай да жануар союға немесе сатылуға жөнелтілер алдында міндетті түрде малдәрігер қарауымен клиникалық тексеруден өткізілуі тиіс. Яғни жұқпалы ауруларға күдіктің бар жоғына көз жеткізу керек. 

     Ветеринариялық анықтаманы ауылшаруашылық жануарларына беру тәртібі ережеге сайкес жүргізілу керек. Құлағында сырғасының болуы, аса қауіпті жұқпалы ауруларға егілуі және тексерілуі, және де мал иесінен өтініш болу қажет.

      Басқа ауданнан немесе сыртан мал тасымалданып келген жағдайда, Ветеринариялық паспорт, ветеринаиялық анықтамасы болу шарт, мал уақытша оқшауланып жұқпалы аурулардан тазалығын анақтау қажет. Осы шарттар толық орындалғанда мал есепке алаынып, ИСЖ базасына тіркелу қажет.  

  Округ ветеринариялық пункт меңгерушісі: өзі қызмет көрсететін елді мекендер бойынша жалпы мал басы, аула саны ондағы 4 түлік бойынша саны, шаруа қожалықтар бойынша мәліметі, эпиззотиялық картасы, жұқпалы ауруларға қарсы ем-домдар және диагностикалық тексерулер бойынша атқарылатын жоспардың болуы қажет.

   Мал иелерінің қолында өзіне тиесілі жануарлардың ветеринариялық паспорттары болуы тиіс және онда қандай ауруға егілгені, диагностикалық тексерулері қашан және кім жүргізгені жөнінде жазбалар болуы тиіс. 


Сау малдың температуралық режимы:


МІҚ-       38,2- -39,5


Уақ мал   39,0-- 40,5


Жылқы-   37,5--38,5


Түйе          35,0--38,6


Ит              37,5--39,0


Мысық      38,0--39,0


Тауық        40,5--42,0