«Болашақ» демалыс лагері

Жайраңдаған жаздың жаймашуақ айларында оқушылардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмтылмас естеліктері жазғы демалыс лагерінен бастау алатыны сөзсіз. 
Осыған орай оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін аудандағы М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі жанынан оқушылардың жазғы сауықтырылуы мен демалысы, оқушылардың бос уақыты мен мүмкіншілігін тиімді пайдалану, денсаулығын нығайту, патриоттық тәрбиеге, шығармашылыққа баулу мақсатында үстіміздегі жылдың 3-27 маусым аралығында 2 ауысым бойынша 181 оқушыға арналған «Болашақ» демалыс лагері ашылған болатын. Бүгінде жазғы демалыс орнында 90 балдырған бос уақыттарын көтеріңкі көңілде өткізуде. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы, толық емес отбасы балалары да бар.