Мойынқұм ауылы

«Балбөбек» балабақшасы қызметкерлерімен Президент Қ.Тоқаевтың инаугурациялық сөзіндегі халықтың табысын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау органдарын реформалау, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты және тағы басқа алға қойған міндеттерге байланысты «Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндеті: ел дамуының жаңа деңгейі» атты кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың он бағытын халыққа жан-жақты түсіндіру еді. 
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев сөйлеп, Президенттің бастамаларын ұжымға таныстырып, Президент айқындаған 10 бағыттың әрбірі өте маңызды және ол заман талабына сай екендігін айтты. Олардың сәтті жүзеге асырылуы экономиканың барлық саласында өсімнің болуын қамтамасыз ететініне сенімді екендігі жайында түсіндірді. 
Жастар ресурстық орталығының аға-инспекторы Гауһар Зиябекова өз сөзінде қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын қорғау басты мақсатымыз екендігін айта келіп, өзінің ресми ісіне кіріскен Президенттің алғашқы орындалуға назар қойған 10 бағытында жастарды атап өткеніне қуанғандарын жеткізді.