Мойынқұм ауылы

Аудан әкімдігінде 28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай аталған сала мамандарымен кездесу өтті. Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов ақпарат майданында жаңалық жеткізудi мұрат етiп, халық игiлiгi жолында қызмет атқарып жүрген мереке иелеріне шығармашылық табыс тiлеп, аудан әкімінің "Құттықтау хатымен", сыйлығын табыс етті. Өз кезегінде аудандық "Мойынқұм таңы" газетiнiң бас редакторы Сундетулла Әбiлов сый - құрмет көрсеткенi үшін аудан басшылығына алғысын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімдігі iшкi саясат бөлімінің басшысы Жанар Несiпбаева да ақпарат айдыныда талмай еңбек етіп, тынбай iзденiс үстінде жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.