«Болашаққа бағдар» атты ақпараттық автокеруен

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен Тараз қаласы мен аудандарда, ауылдық елді-мекендерде өткізіліп жатқан «Болашаққа бағдар» атты ақпараттық автокеруен аудан орталығына келіп жетті. 
Жиынның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев, облыстық жастар саясаты, облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Айбек Таутен ұйымдастырылып отырған іс-шараның артықшылығы мен маңызын түсіндірді. 
Облыстық автокеруен аясында мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, тұрғын үй, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және тағы басқа да салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарған арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту шеңберінде Қазақстан Республикасының қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров аудан орталығындағы балабақшалар мен оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында ашылған лагерлерде болып, оқушылар мен бүлдіршіндерге берілетін тағамдар тізімімен жіті танысты.
Шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар үлестіріліп, мастер-класстар, жеке қабылдаулар өткізілді.