«Жамбыл – адалдық алаңы»

     Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер»  жобасы аясында Елорданың жемқорлыққа қарсы старегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесінің үлгісімен  «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының негізі қаланды. Жобаның мақсаты – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, Жамбыл облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болса, жобаның негізгі міндеттері тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету саласын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу болып табылады.
       Жуырда облыс әкімдігінің жастар саясаты басқармасы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру керуені ауданымызда болды. Ақпараттық-  насихаттық топ мүшелері алдымен аудандық Мәдениет үйінде жастар мен ауыл тұрғындарын қабылдады. Ашық алаңға келген әр азамат өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, оған тиісті жауаптарын алды. Содан соң адалдық алаңының  менеджерлері бірқатар мекемелерді аралап, әлеуметтік сауалнама жүргізді. 
      Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активі мен ауыл тұрғындары қатысқан жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев ашып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық практикасы басқармасының басшысы Дәурен Даниярбекұлы Омаровқа сөз берді. Ол өз сөзінде еліміз, облыс бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан ілгері істерге кеңінен  тоқталып, «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы аясында осы сапарда аудандық мекемелерде кездескен, төзуге болмайтын кемшіліктерді атап көрсетті.